Республика күні қарсаңындағы тағы бір маңызды іс-шара – Қызылордада «Terra Green» ЖШС заманауи жылыжай кешені құрылысының басталу рәсімі. Оған қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, «Terra Green» компаниясының өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағаларына серіктестік құрылтайшысы Фатих Будан жобаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін таныстырды.
Аймақ басшысы өңірде агроөнеркәсіп саласын дамытудың артықшылықтарына тоқталып, жаңа жылыжай кешені құрылысының басталуымен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, оның ішінде агроөнеркәсіп саласына баса мән беруді тапсырған болатын. Өздеріңізге белгілі, агроөнеркәсіп кешені – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі.
Еліміздегі күріш пен ас тұзының 90 пайыздан астамы Қызылорда облысында өндіріліп, алыс-жақын шет мемлекеттерге кеңінен экспортталуда.
Осы тұста тұрғындарды сапалы көкөніс өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жылыжай шаруашылығын дамыту өте маңызды.
Бүгін құрылысы басталатын жылыжай кешені тұрғындарымыздың маусымаралық кезеңдегі қажеттілігін толық қамтуға және өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға серпін береді. Ең бастысы, жүздеген отбасы үшін тұрақты табыс, жастарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Салтанатты шарада Мустафа Капуджу, облыс прокурорының міндетін атқарушы – инвестициялық омбудсмен Нұрболат Дүйсенбаев сөз сөйледі. Ауыл шаруашылығы саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықбанұлы батасын берді.
«Terra Green» заманауи жылыжай кешені – агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған маңызды жоба. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ саланы әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Жылыжай кешені іске қосылғанда тұрғындар жыл бойы сапалы әрі қолжетімді көкөніске қол жеткізеді. Бұл баға тұрақтылығын сақтауға және жергілікті өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал етеді.
Қызылордада «Terra green» заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды
1 / 15
Ұқсас материалдар

Аудан әкімі құтқарушылар мен сала ардагерлерін құттықтады
Зеренді ауданының әкімдігіАшу
Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Зеренді ауданының әкімдігіАшу
Қанай би және М. Ғабдуллин ауылдық округтері тұрғындарының мәселелері талқыланды
Зеренді ауданының әкімдігіАшу
Зерендіде халықаралық «Қансонар-2026» турнирінің жеңімпаздары анықталды
Зеренді ауданының әкімдігіАшу
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері талқыланды
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Сауда нысандарында мерекелік іс-шаралар өтуде
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада күн электр станциясының құрылысы басталды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Қорқыт ата» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жобалардың жай-күйі талқыланды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада XXXI республикалық театр фестивалі басталды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы басталды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу