Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылғы 18 қарашада Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес республикалық «Үздік психолог – 2026» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби құзыреттілігі мен инновациялық тәсілдерді меңгерудің жоғары деңгейін көрсететін, шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты педагог-психологтарды қолдау, олардың кәсіби әлеуетін арттыру және еңбегін ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🏆 І орын – №4 Күршім орта мектебінің педагог-психологы Акшабаева Индира Муратканкызы. Облыстық кезеңге жолдама алды.
🥈 ІІ орын – Теректібұлақ орта мектебінің педагог-психологы Сәрсенбина Гүлжанат Мараткызы.
🥉 ІІІ орын – Сарыөлең орта мектебінің педагог-психологы Батырханов Саян Бакытжанулы және №4 Күршім орта мектебінің педагог-психологы Мажибаева Жадыра Жайлаубайқызы.
Барлық қатысушыларды байқауға белсенді қатысып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін танытқандары үшін құттықтаймыз!
Жүлдегерлерге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз! Ал аудан намысын облыстық кезеңде қорғайтын Индира Муратканкызына сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.