Алматы облысының №14 түзеу мекемесінде блокты-модульдік ғимараттар өндірісі ашылды

    Алматы облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік базасын кеңейту және сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде шаралар қабылдауда.

    Осы жұмыс аясында №14 мекеме аумағында 150-ге дейін сотталғанды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін «NovaNex» ЖШС-нің блокты-модульдік ғимараттар өндірісі ашылды.

    Кәсіпорын қаражаты есебінен жалпы ауданы 900 шаршы метр болатын модульдік өндірістік ғимарат орнатылды.

    Мұнда насостық станциялары мен қазандықтарға арналған блокты модульдер шығарылатын болады.

    Тұрақты тапсырыстар мен өткізу арналары болған жағдайда инвестор өндірісті одан әрі кеңейтуді көздеп отыр.

    2027 жылдың бірінші жартыжылдығында қосымша үй-жайлар салып, өндірістік алаңдарды 1 200 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарланған.

    Іс-шараға Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, облыс әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

    Жобаны іске асыру сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуға, олардың тұрақты табыс табуына, қылмыспен келтірілген залалды өтеуіне және кейінгі әлеуметтік бейімделуіне қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары