«ҚазАзот» ұжымымен Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

    Бүгін «ҚазАзот» акционерлік қоғамында еңбек ұжымымен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі міндеттер мен 2029 жылға дейінгі стратегиялық жоспарларды кәсіпорын қызметкерлеріне кеңінен түсіндіру. Жиынға Маңғыстау Қазақстан халық кеңесінің мүшесі және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, эколог Кирилл Осин, сондай-ақ «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова қатысты. Сонымен қатар кездесуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.У. Калмагамбетова және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры С.Н. Қожамұратов қатысты. Кездесу барысында ел дамуының алдағы басымдықтарына жан-жақты тоқталды. Жиында сөз алған Анар Шамшадинова Жолдаудағы негізгі бағыттарды жүйелеп, халықтың әл-ауқатын арттыру қашанда басты орында тұратынын атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары