Болашақ мектеп бітіруші түлектерге арналған “Ашық есік күні” өткізілді

    Кеген ауданы прокуратурасының бастамасымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мектеп бітіруші түлектерге арналған көшпелі «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында болашақ түлектерге кәсіби бағдар беріліп, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері мен мемлекеттік білім гранттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың сапалы білім алуына жағдай жасауға ықпал ету, мамандықты саналы түрде таңдауына қолдау көрсету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары