Жамбыл ауданында иіс газынан уланудың алдын алу шаралары жүргізілуде

    Жамбыл ауданы прокуратурасының үйлестіруімен жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар жүргізілуде.

    Жылыту маусымы басталғалы ауданда 3 адам иіс газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

    Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйлеріне 140 иіс газын анықтайтын дабыл қондырғысын орнатты.

    Сонымен қатар тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, мұржалар мен желдету жүйелерін тексеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Аудан прокуратурасы тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары