Алматы облысының прокуратурасы «Тәлімгер» іс-шарасын өткізді

    Алматы облысының прокуратурасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне арналған «Тәлімгер» іс-шарасын ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау қызметінің беделін арттыру, болашақ мамандардың кәсіби дағдылары мен әдеп құндылықтарын қалыптастыру.

    Кездесу барысында прокуратура органдарының жас қызметкерлері кәсіби қалыптасу жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтің ерекшеліктері мен жас мамандардың бейімделуіндегі тәлімгерліктің маңызы туралы айтып берді.

    Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастардың құқық қорғау қызметіне қызығушылығын арттыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары