Алматы облысында прокурорлар көп жылдан бері шешілмей келген мәселені шешті

    Іле ауданының прокуратурасы аудан орталығы – Өтеген батыр ауылы тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғады.

    2014 жылы ауданы 63 гектар жер 664 дербес учаскеге бөлініп, жеке тұрғын үй құрылысына берілді. Осы аумақта 10 жылдан астам уақыт ішінде «Жаңа Әлем» тұрғын алабы қалыптасты.

    Алайда осы уақыт ішінде бұрынғы жер пайдаланушының аталған жерлерге жеке меншік құқығының болуына байланысты көшелерді абаттандыру және жол инфрақұрылымын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілмеген.

    Аудан әкімдігінің көшелерді, тротуарларды және сыртқы жарықтандыру жүйесін жайластыру жұмыстарын жүргізуге заңды мүмкіндігі болмады. Бұл тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды.

    Бұдан бөлек, қалыптасқан жағдай жедел қызметтердің оқиға орнына уақтылы жетуіне кедергі келтіріп, құқық бұзушылықтардың орын алуына алғышарттар жасады.

    Іле ауданының прокуратурасы тұрғындардың мүддесі үшін сотқа жүгінді.

    Сот шешімімен меншік иесі ауданы 20 гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне берді. Бұл жергілікті атқарушы органдарға жол желісін салу және абаттандыру жұмыстарын бастауға, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

    Қабылданған шаралар тұрғын алаптағы 1 500-ден астам тұрғынның өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары