СТРАТЕГИЯ, ЛОГИКА ЖӘНЕ ТАРТЫС: «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ШАХМАТ ТУРНИРІ

    1 / 8

    СТРАТЕГИЯ, ЛОГИКА ЖӘНЕ ТАРТЫС: «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ШАХМАТ ТУРНИРІ

    Қостанай облысында «Келешек мектептері» оқушылары арасында шахматтан республикалық командалық турнирдің іріктеу кезеңі өтті! Аталған жоба шахмат қозғалысын дамытуға, командалық рухты нығайтуға, сондай-ақ еліміздегі «Келешек мектептері» оқушыларының өзара қарым-қатынасы мен салауатты бәсекелестігін дамытуға бағытталған бірыңғай алаң қалыптастыруды көздейді. Жарысқа 14 командадан құралған 56 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар өздерінің шеберліктері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    І орын – Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31 жалпы білім беретін мектебі (1-команда);

    ІІ орын – Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31 жалпы білім беретін мектебі (3-команда);

    ІІІ орын – Рудный қаласы білім бөлімінің № 8 жалпы білім беретін мектебі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барша қатысушыларға сәттілік, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! Шахматтағы шеберліктеріңіз шыңдала берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары