ӘДІСКЕРДІҢ КОД-Ы ҚАНДАЙ?
Бұл тақырып облыстық онлайн форумда аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері арасында талқыланды.
Құзыретті көзқарастар, қызықты идеялар, өзекті тәжірибе, әдіскердің кәсіби қалыптасу жолындағы өзіндік рефлексиясы – осының барлығы форумның ортақ мазмұнына тоғысты.Атап айтқанда: кәсіби траекторияны сүйемелдеудің цифрлық моделі (Верховцева Л.А.), шалғай ауыл педагогінің кәсіби маршрутын сүйемелдеудің жаңа моделі (Серикбаева А.К.), кедергілерді қалай еңсеруге болады? (Габдуалиева Д.К.), оқушылардың тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастырудың аудандық әдістемелік моделі (Төлепберген Г.Н.), мұғалімдер мұғалімінің кәсіби КОД-ы (Колбасина Л.В.), әдістемелік маршруттың бір бөлігі ретінде «Мен әдемі жазамын» тәжірибесі (Муканова Б.С.), әдіскердің электрондық ресурсы (Карымсакова Г.К.).
Әдістемелік жұмыс инновациялық-эксперименттік қызметті де қамтиды. Инновациялық алаңдар әлеміне бағытталған гайд қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл үдерісті қалай тиімді жобалауға болады? Осы мәселеге Набатникова Т.И. тоқталды. Рудный қаласы мектептерінің әріптестері (Сандыбаева А.Д. және Чуманина Н.В.) мектепті дамытудағы цифрлық трансформация және білім беру ортасын өзгерту бағыттары бойынша инновациялық алаңдардың табысты тәжірибелерімен бөлісті.
Әдістемелік қарым-қатынас қызықты, шығармашылық сипатта, авторлық тәсіл элементтерімен өрбіді. Алда – табысты енгізу кезеңі!









