Алматы облысының прокуратурасы Ұйғыр ауданында 2008 жылы жеке меншікке берілген 29,1 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді.
Аталған жер учаскесінің аумағында тоған, көлемі 0,7 гектар гидротехникалық құрылыс және 0,5 гектар зират орналасқан. Жердің жеке меншікке берілуі салдарынан жергілікті тұрғындар мал жаю және су ресурстарын пайдалану кезінде шектеулерге тап болған.
Алайда жер және су заңнамасының талаптарына сәйкес, мұндай жер учаскелерін үшінші тұлғалардың жеке меншігіне беруге жол берілмейді.
Прокуратураның талап арызы бойынша сот жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




