Еңбек құқықтары прокуратура органдарының қорғауында

    Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл ауданының прокуратурасы «Еңбек саласындағы қадағалау» модуліндегі қолжетімді деректерді негізге ала отырып жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

    Нәтижесінде 884 жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, 19 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында прокуратура еңбек инспекциясы және Мемлекеттік аннуитеттік компания өкілдерімен бірлесіп, Жамбыл аудандық көпбейінді орталық ауруханасының (1 400 қызметкер) және «Kaz Tec Invest» кәсіпорнының (200 қызметкер) ұжымдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесулерде міндетті сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалар бойынша төлемдер алу тәртібі және жұмыс берушілердің жауапкершілігі түсіндірілді.

    Еңбек құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары