Ұлытау облысының әкімі Жаңаарқа ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді

    11 қараша күні сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жаңаарқа ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

    Кездесу Жаңаарқа ауданының аудандық мәдени-сауық орталығында өтеді. Облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдайды.

    Кездесу басталғанға дейін облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері басшылары азаматтарды жеке қабылдайды. Кездесуден кейін облыс әкімі өзекті мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары