Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Республикалық кезеңде еліміздің әр өңірінен іріктелген 20 отбасы жеңімпаз атанды. Олардың қатарында Ұлытау облысының атынан қатысқан Қаражал қаласының Сағындықовтар әулеті де бар, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты рәсімде Сағындықовтар отбасына естелік мүсінше, арнайы грамота және 2 миллион теңгенің ақшалай сертификаты табысталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Байқауда адал еңбекті, береке-бірлікті, бала тәрбиесін және үлкенге құрмет көрсетуді басты құндылық санайтын отбасыларға ерекше мән беріледі.
Сағындықовтар әулетінің республикалық байқауда жеңімпаз атануы – Ұлытау облысындағы отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеудің жарқын үлгісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









