1 / 2
Жезқазған қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатында Ұлытау облысының спортшысы Нұрайлым Сәрсенбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
57 келі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрайлым Сәрсенбек жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Осылайша, ұлытаулық дзюдошы республикалық додада үздік үштікке еніп, өңір қоржынына қола медаль салды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









