ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ ФАТИМА СҰПЫҒАЛИЕВА ОРАЛҒА ОРАЛДЫ!

    1 / 9

    Бүгін Орал қаласы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, жерлесіміз Фатима Сұпығалиеваны ерекше қуанышпен қарсы алды. Чемпионды әуежайдан Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов бастаған қала жұртшылығы күтіп алды.

    Сенегал астанасы Дакар қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Фатима қарсыластарының бәрін жеңіп, алтын медаль иеленді.

    Бұл – спортшының ғана емес, бүкіл Батыс Қазақстан облысының мерейін асқақтатқан тарихи жеңіс.

    Жерлестері чемпионды зор қуанышпен қарсы алып, ыстық ықыласы мен ақжарма тілегін білдірді.

    Фатиманы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 🇰🇿🥇

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары