ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ ЗЕЙНЕП БАЯНОВА ОРАЛҒА ОРАЛДЫ

    1 / 5

    Астанада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Батыс Қазақстан облысының спортшысы Зейнеп Баянова туған жеріне оралды.

    Орал қаласында әлем чемпионатының жүлдегерін жанкүйерлері, туған-туыстары мен достары, алғашқы бапкері Роллан Хамзин, жеке бапкері Мұсабек Нарегеев, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова, спорт саласының өкілдері мен спорт мектептерінің басшылары салтанатты түрде қарсы алды.

    Қарсы алу рәсімінде спортшының алғашқы бапкері Роллан Хамзин шәкіртінің күреске бала кезінен қызығушылық танытып, табандылығымен ерекшеленгенін атап өтті. Сондай-ақ әлем чемпионатындағы нәтижесі көп жылғы еңбектің жемісі екенін жеткізді.

    Жеке бапкері Мұсабек Нарегеев әлемдік додада жүлдегер атану оңай болмағанын айтып, алдағы жарыстарда спортшының нәтижесін жақсарту бағытында жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.

    Ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова Зейнептің жетістігіне қуанышын білдіріп, жас спортшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

    Өз кезегінде Зейнеп Баянова қарсы алуға келген барша жанға алғысын білдіріп, алдағы мақсаты Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғау екенін жеткізді.

    Әлем чемпионатындағы қола жүлде – отандық әйелдер күресінің маңызды жетістіктерінің бірі. Батыс Қазақстан облысының спорт қауымдастығы жерлесіміздің алдағы спорттық мансабына табыс тілейді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары