Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Республика күніне орай шахматтан Батыс Қазақстан облыстық шахмат федерациясы кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Зияткерлік додаға облыстың барлық ауданынан және Орал қаласынан 100-ге жуық шахматшы қатысуда.
Жарыстың ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыстық шахмат федерациясының президенті Нариман Төреғалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Өңір басшысы өз сөзінде шахматтың зияткерлік әлеуетті арттырудағы маңызын атап өтіп, облыста шахмат спортын дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және бұқаралық сипат беру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ өңірде шахмат мектебінің қалыптасуына үлес қосқан танымал спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, бүгінгі жас буынға аға буынның жолын жалғап, биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.
Кубок аясында шахматшылар өзара бақ сынап, жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталады. Дода жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауға және өңірдегі шахматтың дамуына серпін беруге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








