ФАТИМА СҰПЫҒАЛИЕВА – ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

    1 / 5

    Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.

    52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жарыс жолын сәтті бастап, алғашқы белдесуінде Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны мерзімінен бұрын жеңді. Келесі кезеңде словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырып, финалға жолдама алды.

    Шешуші белдесуде португалиялық София Гаспармен кездескен Фатима қарсыласынан басым түсіп, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

    Фатиманы тарихи жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы спорттық жолына толағай табыс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары