Шымкентте 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында ұйымдастырылды.
Талқылауға қалалық білім, ішкі саясат, жастар саясаты, мәдениет, спорт басқармаларының және Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы филиалының өкілдері қатысты.
Қатысушылар жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде кітап оқуды насихаттау және жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырды. Кітапханалардың білім мен рухани тәрбие орталығы ретіндегі қызметін нығайту мәселесі де сөз болды.
Кездесу қорытындысында тұжырымдама жобасын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныс берілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









