«Қазақконцерт» сахнасында «Алдар көсе» мюзиклі қойылды

    1 / 7

    Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Алдар көсе» мюзиклі қойылды.

    Алдар көсенің хикаясы мюзиклде жаңаша өрбиді. Қойылымда ұлттық дәстүр, тапқыр әзіл, әсем ән мен көркем би қатар үйлесім тапқан.

    Мюзикл режиссері – Есләм Нұртазин, композиторлары – Ербол Нариманұлы мен Ақжол Өмірзақов. Қойылымды Ефрат Шәріпов, Шыңғыс Маман, Есләм Нұртазин және Әннас Бағдат жазған.

    Жаңаша сипаттағы қойылымда Алдар көсе ән айтып, би билеумен қатар, рэп те орындайды. Кейіпкер ақылы мен тапқырлығының арқасында түрлі сынақтан өтіп, әділетсіздікке қарсы тұра білді.

    Ұлттық нақышта безендірілген сахнада заманауи үлгідегі жарық қойылды. Сонымен бірге өнерпаздар көркем костюмдерде өнер көрсетті.

    Бәйтерек, тайқазан, алып, айдаһар бейнелері, музыкалық нөмірлер мен «Қара жорға» биі оқиғаның мазмұнын толықтыра түсті.

    Мюзикл қазақ фольклорын жас ұрпаққа кеңінен танытуға бағытталған. Заманауи сахна өнері мен ұлттық мұра ұштасқан қойылымжас буынның мәдениетке қызығушылығын арттыруды көздейді.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары