Түркістанда архив ісі жөніндегі өңірлік семинар өтті

    1 / 5

    Түркістанда архив ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы заңнамалық өзгерістерді және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелерін талқылауға арналған өңірлік семинар өтті.

    Семинарға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының архив ісі мамандары қатысты.

    Жиында нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер мен оларды тәжірибеде қолдану тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ архив құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалану мәселелері талқыланды.

    Қатысушылар «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын да қарастырды.

    Семинар соңында мамандар тәжірибе алмасып, архив жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары