Алматыда суретші Байтұрсын Өмірбековтің шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

    1 / 6

    Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында көрнекті суретші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбековтің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

    Жиынға суретшінің туған-туыстары, жақындары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Олар өнер иесінің шығармашылық жолы, отандық бейнелеу өнеріне қосқан үлесі мен ұстаздық еңбегі туралы ой бөлісті.

    Іс-шара аясында суретшінің шығармашылық мұрасына арналған «Өмір өрнектері» көрмесі ашылды.

    Байтұрсын Өмірбеков Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның туындылары халықаралық деңгейде танылды. Өнер иесі Ресей көркемсурет академиясының құрметті шетелдік мүшесі атанды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары