МЕРКІ АУДАНЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕС ӨТТІ


    Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстанның төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
    Жиында аудан аумағында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес, оның ішінде қарасора өсімдігінің заңсыз егілуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мәселелері қаралды.
    Кеңес барысында жауапты мекеме басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалып, есірткіге қарсы профилактикалық шараларды күшейту, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігі айтылды.
    Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары