МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    1 / 2

    Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық штабтың отырысы өтті.

    Жиында алдағы сайлауға дайындық барысы, сайлау учаскелерінде қажетті жағдай жасау және қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шорман Абылқасымов баяндама жасап, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының дайындық жұмыстарына тоқталды.

    Екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмаз Омар мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың дауыс беру құқығын кедергісіз жүзеге асыруына жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары