Меркі ауданында қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, белгілі ғалым, профессор Темірбек Қожакеевтің 100 жылдық мерейтойына орай тағзым ету рәсімі өтті.
Ғалым есімі берілген №39 мектеп-гимназиясы алдындағы ескерткіш бюстіне гүл шоқтары қойылып, рухына құрмет көрсетілді. Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, ғалымның ұлы Мәдет Қожакеев, профессор Намазалы Омашев, елімізге танымал ғалымдар, шәкірттері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мерейтой аясында қонақтар білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, Темірбек Қожакеев атындағы музейді аралады. Сондай-ақ спорттық жарыстарда жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.
Іс-шара барысында Мәдет Қожакеевтің қолдауымен қайта басылып шыққан ғалымның «Көк сеңгірлер» және «Үркіншілік» еңбектері, сондай-ақ Ермахан Шайхыұлының «Сатира сарқыты» кітабы мектеп кітапханасына сыйға тартылды.
Бұл тағзым рәсімі – қазақ ғылымы мен журналистикасына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның мол мұрасын ұлықтап, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









