Қостанайда құқықтық мәдениетті нығайту және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Сенің таңдауын- өз болашағын» атты диалог алаңы өтті. Іс-шара жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың өз болашағына саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, танымал актерлер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен өңір жастары қатысты.
Кездесуді ашқан Қостанай облысы прокурорының орынбасары Ерлан Андабаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғам қауіпсіздігі әр адамның жеке таңдауы мен іс-әрекетінен басталатынын жеткізді.
Өңірде жүйелі түрде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар жалпы қылмыс деңгейінің, оның ішінде ауыр қылмыстар мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың азаюына ықпал еткен факторлардың бірі екені атап өтілді.
Сонымен қатар жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жұмыстың басым бағыттары болып қала береді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған бөлім – танымал «Қара аула» («Чёрный двор») телехикаясының актерлері Рауан Ахмедов пен Ақжол Примбетовтің қатысуымен өткен «Кино және шынайы өмір» атты ашық диалог болды.
Еркін пікір алмасу барысында қоршаған ортаның ықпалы, ойланбай жасалған әрекеттердің салдары, құқыққа қайшы мінез-құлық үшін жауапкершілік және өмірде дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы талқыланды.
Қатысушылар өмірлік жағдайларды талдап, түрлі әрекеттердің құқықтық салдарын қарастырды және негізделген шешім қабылдаудың маңызын түсінді.
Кездесудің басты ерекшелігі – ашық пікір алмасу форматы. Бұл жастарға танымал спикерлердің пікірін тыңдап қана қоймай, талқылауға тікелей қатысуға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға және жастардың өз болашағы үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Қостанай облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру, жастардың заңға құрметпен қарауын және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.
Қостанай облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






