Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Аспара ауылында салынып жатқан жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылыс барысымен танысты.
Нысанды аралау барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударып, құрылыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуының маңыздылығын атап өтті.
Ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындарға жедел көмек көрсету мүмкіндіктерін арттыру – маңызды міндеттердің бірі.
Осы тұрғыда Аспара ауылында бой көтеріп жатқан өрт сөндіру бекетінің маңызы зор. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыруға және төтенше жағдайларға дер кезінде ден қоюға қолайлы жағдай жасалмақ.
Аудан әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысын сапалы жүргізу қажеттігін атап өтіп, құрылыс жұмыстарының барысын назарда ұстау маңызды екенін жеткізді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









