Гранитагорск ауылындағы ауыз су жүйесінің жағдайы зерделенді

    Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Доғдырбайұлы Андас батыр ауылдық округіне қарасты Гранитагорск ауылына жұмыс сапарымен барып, елді мекендегі ауыз су құбырының қазіргі жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

    Ауылдағы су құбыры желілерінің жай-күйімен танысып, су нысандарын аралады. Сонымен қатар ауыл тазалығы, санитарлық талаптардың сақталуы және тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

    Аралау кезінде су құбырларының техникалық жағдайы мен күтіміне қатысты мәселелер қарастырылып, елді мекендегі ауыз сумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді.
    Сондай-ақ жауапты мамандарға ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары