Құқықтық түсіндіру жұмыстары

    1 / 2

    Ағымдағы жылдың 11 қарашасында сот орындаушысы Айгерім Амирова Түсті металлургия жоғары колледжінде «AdiletGOV» мобильді қосымшасындағы «Тараптар кабинеті» онлайн сервисінің жұмыс істеу тәртібі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында қатысушыларға «Тараптар кабинеті» сервисінің негізгі мүмкіндіктері, оны пайдалану тәртібі, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде көрсетілетін электрондық қызметтер туралы жан-жақты түсіндірілді.

    Сонымен қатар, азаматтардың атқарушылық іс жүргізу барысы туралы ақпаратты онлайн режимде алу, қажетті мәліметтермен танысу және қызметтерді қашықтан пайдалану мүмкіндіктеріне назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары