Ақсу қаласында кеңейтілген кеңес өткізілді

    Ақсу қаласының прокуратурасы бастамасымен сот орындаушылары мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өткізілді.

    Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің Павлодар ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Байзакова А.С. қатысты.

    Кеңес барысында борышкерлерді мәжбүрлеп жеткізу және іздестіру, тыйым салынған көлік құралдарын іздестіру және арнайы тұраққа қою, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар атқарушылық іс жүргізулердің орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар сот актілерін орындаудан жалтарған борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары