Мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында Павлодар облысының Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А. Айтымбетов мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін қайтадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтармен тиісті түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын ұстану, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі, сондай-ақ мекеменің ішкі еңбек тәртібі қағидалары мен корпоративтік мәдениет мәселелерімен танысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









