Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Софиевка ауылында 327-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті.
Өрт сөндіру бекеті ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол шамамен 3 500 тұрғыны бар бір елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нысан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды.
Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін бекет өрт сөндіру техникасымен жабдықталған. Қазіргі уақытта ол қажетті құрал-жабдықтармен және жеке құраммен толық қамтамасыз етілген.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, өрт сөндіру бөлімшелерінің жету уақытын қысқартуға және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








