БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    1 / 2
    2026 жылғы 24 қарашадан бастап Отыншиев Ержан Шадиярбекұлы конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
    Ержан Шадиярбекұлы 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2009 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы.
    Еңбек жолын 2002 жылы Бәйдібек аудандық мемлекеттік өртке қарсы қызметінде бастаған. Атап айтқанда, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман, аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде басшының орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде басшының орынбасары, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінде бас инспектор қызметтерін атқарған.
    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары