Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қошқарата елді мекенінде Борлысай ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысын, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады.
Жиында аудан басшысы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарға тоқталып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі Ғалым Шәбдезім Борлысай ауылдық округінде жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
Кездесу барысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы тұрғындарды тазалық пен абаттандыру шараларына белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Әрбір мәселе назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.