Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және алдағы міндеттерді талқылады. Кездесуге округке қарасты елді мекендердің тұрғындары, аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Жиында аудан әкімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарға тоқталып, ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің әкімі атқарылған жұмыстар мен алдағы жобалар жөнінде есеп берді.
Кездесу барысында аудан басшысы ауылдық округтің дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, көшелердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізіп, тұрғындарды қоршаған ортаны күтіп ұстауға белсенді атсалысуға шақырды.
Жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі көтерілген сұрақтарға жауап беріп, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстардың орындалуы бақылауда болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.