БӘЙДІБЕК: АУДАНДА «ҚЫС-2026» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

    Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығын пысықтау, өзара іс-қимылын үйлестіру және шұғыл әрекет ету қабілетін жетілдіру.
    Іс-шара барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою жасағының дайындығы тексерілді. Сондай-ақ жолда қар құрсауында қалған автокөліктер мен адамдарды құтқару, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету және жылжымалы жылыту пункттерін орналастыру бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.
    Оқу-жаттығу кезінде тиісті қызметтердің күш-құралдары мен арнайы техникаларының дайындығы пысықталып, төтенше жағдай орын алған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар тәжірибе жүзінде көрсетілді.
    «Қыс-2026» оқу-жаттығуы қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға жауапты қызметтердің әзірлігін арттыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары