1 / 16
Ақбастау және Бірлік ауылдарында жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысандар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Зайед ізгілік қорының» демеушілігімен, «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының қолдауымен салынды. Жобалардың жалпы құны – 180 млн теңге.
Ақбастау ауылындағы ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан кооперативтік әлеуметтік даму қорының директоры Мақсат Раманқұлов, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, «Абу-Даби» қорының өкілі Абдулазиз Саид Али Амер Әл Заиди, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков ашып, жаңа нысандардың балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Іс-шара барысында бірқатар азамат аудан әкімінің алғысымен марапатталып, жаңа алаңшаның лентасы қиылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









