Жастарға жаңа мүмкіндік: Әуезов ауданында ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

    1 / 7

    «Еңбек – табысқа бастар жол, ал талап – жарқын болашақтың кепілі».

    Бүгін Алматы қаласының Әуезов ауданында жас мамандардың кәсіби дамуына жол ашатын қалалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

    Ауқымды іс-шара 5 мыңға жуық студент пен колледж түлегінің басын қосып, жастар мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

    Жәрмеңкеге шағын және орта бизнес саласының 50-ден астам өкілі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында жастар түрлі саладағы бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, еңбек жағдайлары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жоғары оқу орындарында білімін жалғастыру жолдары туралы ақпарат алды.

    Жәрмеңке Алматы көпсалалы колледжі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен өткізілді. Сондай-ақ іс-шараның өтуіне аудандық Комьюнити-орталық, Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы және әлеуметтік серіктестер қолдау көрсетті.

    Бүгінгі жас маман – ертеңгі ел тірегі. Осындай бастамалар жастардың әлеуетін ашып, білімін нақты еңбекпен ұштастыруға және кәсіби болашағын айқындауға жол ашады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары