Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков көпбалалы аналармен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталған аналарды құттықтады.
Салтанатты рәсім барысында 13 анаға, оның ішінде 1 анаға «Алтын алқа», 12 анаға «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.
Аудан әкімі аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, ана еңбегінің қоғамдағы айрықша орнына тоқталды. Сондай-ақ отбасыларына амандық, дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық пен береке тіледі.
Ана – отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Көпбалалы аналарды құрметтеу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.