Петропавлдағы дүкендердің бірінен 69 қорап петарда тәркіленді

    1 / 5

    Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде орналасқан дүкендердің бірінде жүргізілген рейд барысында полицейлер сертификаты жоқ 41 қорап пиротехникалық бұйым тәркіледі. Дүкен иесінде мұндай өнімді сатуға рұқсат та, тауар сапасын растайтын сертификат та болмаған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Айта кету керек, аталған сауда нүктесі «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлердің назарына екінші рет ілігіп отыр. Бұған дейін, 10 қарашада, тәртіп сақшылары дүкеннен заңсыз сатылымға қойылған 28 қорап пиротехникалық бұйымды тәркілеген.

    Солтүстік Қазақстан облысының Есіл және Аққайың аудандарында да осындай екі құқық бұзушылық анықталып, барлығы 12 қорап петарда тәркіленді.

    Тәртіп сақшылары сертификатсыз пиротехникалық бұйымдардың көбіне тиісті талаптарға сай тасымалданып, сақталмайтынын ескертеді. Мұндай өнімдерді пайдалану күйікке, жарақат алуға және өртке әкеп соғуы мүмкін. Полиция пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі 10-30 қараша аралығында өткізіледі. Екінші кезеңі жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары