5-6 жастағы 100-ге жуық балабақша тәрбиеленушісі жол қауіпсіздігіне арналған арнайы қойылымды тамашалады. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы жобаны СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы мен облыстық қуыршақ театры бірлесіп жүзеге асыруда.
Профилактикалық жұмыстың қажеттілігін статистика да көрсетіп отыр. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Төрт бала қаза тауып, 90-ы жарақат алған. Зардап шеккендердің 23-і – жеті жасқа толмаған балалар.
Театр әртістері бүлдіршіндерге түсінікті тілмен жолдың жүру бөлігіне кенеттен жүгіріп шығудың қаншалықты қауіпті екенін, велосипед пен самокат тепкенде қандай ережелерді сақтау керектігін және жолдағы немқұрайлылықтың қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Театрландырылған қойылым балаларға қауіпсіздік мәселелерін түсінікті түрде жеткізіп, олардың бойында ерте жастан бастап жолда жауапкершілікпен жүру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









