Астанада демалыс күндері «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтті

    1 / 12

    Астанада екі күн бойы өткен «Соғым-FEST» жәрмеңкесінде тұрғындарға сиыр, жылқы және қой еті нарықтағыдан тиімді бағамен ұсынылды. Биыл жәрмеңке елорданың үш сауда алаңында ұйымдастырылды.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Соғым-FEST» – қазақ халқының ежелден келе жатқан соғым дәстүрін жаңаша форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен қала тұрғындарын бір алаңға тоғыстырған жоба.

    Жәрмеңкеде сиыр етінің бір келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, ал қой еті 3 700 теңгеден сатылды.

    Сонымен қатар сауда алаңдарына шығарылған барлық ет өнімі алдын ала зертханалық тексеруден өткізіліп, олардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жүргізілді.

    «Ет – қарапайым халықтың ең көп тұтынатын негізгі азық-түлігінің бірі. Сондықтан мұндай жәрмеңкелердің ұйымдастырылуы өте орынды.

    Мұнда тұрғындар етті өздеріне тиімді бағамен сатып алды. Өзім Арқалық жақтан боламын. Жаңа ғана сол өңірден жеткізілген жылқы етін алдым. Бағасы да қолжетімді – келісі 3 500 теңгеден. Жалпы, 25 келі ет сатып алдым.

    Осындай жәрмеңкені ұйымдастырған азаматтарға және қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», – деді тұтынушы Бердіқұл Айнияз.

    Айта кетейік, «Соғым-FEST» жәрмеңкесі елорданың үш сауда алаңында ұйымдастырылды:

    - Keruen Joly сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;

    - «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;

    - Jurt сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

    Жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары