СҚО полицейлері Ғазиз Байтасовтың ерлігін еске алды

    1 / 7

    12 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бір минут үнсіздік жариялап, батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл – Қазақстан полициясы үшін ерекше мәні бар күн. Осыдан тура 15 жыл бұрын Тараз қаласында полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлікпен қаза тапты.

    Ол қарулы қылмыскерді тоқтатып, жанында болған адамдардың өмірін сақтап қалды. Батыр гранатаның жарылысынан өзгелерді өз денесімен қорғады. Көрсеткен ерлігі үшін оған қайтыс болғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

    Петропавл қалалық полиция басқармасында Ғазиз Байтасовтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақта жанында батырдың рухына тағзым етуге полиция басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері жиналды. Осындай еске алу шаралары облыстың барлық аудандық полиция бөлімдерінде де өтті.

    Полицейлер үшін Ғазиз Байтасовтың есімі – антына адалдықтың, кәсіби батылдықтың үлгісі. Оның ерлігі бүгінгі күні Заң мен Тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әрбір қызметкерге өнеге.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары