СҚО полицейлері ата-аналарға кішкентай балалардың қауіпсіздігін еске салады

    Соңғы уақытта Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше кішкентай бала үй жағдайында қайнаған суға күйіп, ауыр жарақат алды.

    Кішкентай балалар айналасындағы заттардың қауіпті екенін түсінбей, ашық түсті, қызықты бұйымдарға қол созады. Осыған байланысты полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

    - Балаларды аз уақытқа болса да, әсіресе асүйде қараусыз қалдырмаңыз.
    - Кәстрөлдер мен табаларды пештің артқы конфоркаларына қойып, бала қол жеткізе алмайтындай етіп, тұтқаларын пештің ішкі жағына қарай бұрыңыз.
    - Шәйнектерді, қайнаған су құйылған шыныаяқтарды және ыстық тағамдарды үстелдің шетіне қоймаңыз.
    - Электр сымдарының салбырап тұрмауын қадағалаңыз.
    - Үтіктерді, жылытқыштарды, шаш кептіргіштерді және басқа да қызатын электр құрылғыларын пайдаланғаннан кейін бірден балалардың қолы жетпейтін жерге алып қойыңыз.
    - Сіріңке, оттық, тұрмыстық химия құралдары мен дәрі-дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз.

    Полицейлер «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында аулаларды аралау және тұрғындармен кездесу барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қауіпсіздік қағидаларын еске салып жүр.

    Жылдың жылы мезгілінде облыста балалардың терезеден құлауының 12 дерегі тіркелді. Қыс қарсаңында балаларға мектепке дейінгі жастан бастап су айдындарындағы әлі қатая қоймаған мұздың қауіпті екенін түсіндіру аса маңызды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары