Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері полициямен тығыз байланыс орнатуға, ал болашақ заңгерлер полиция қызметкерлерінен тікелей тәжірибелік білім алуға мүмкіндік алады. Бұл бағыттар СҚО Полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров пен университет ректоры Ербол Исақаев қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумда қамтылған.
Келісімнің маңызды тармақтарының бірі – студенттер қалашығында полиция пунктін ашу. Бұл әлемнің 22 елінен келген 8 мыңға жуық студент білім алатын университет үшін аса өзекті. Полиция көмегінің қолжетімді болуы студенттердің үйінен жырақта өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар меморандум тәжірибелі полиция қызметкерлерінің студенттерді даярлауға қатысуын көздейді. Олар тәлімгер болып, практикалық сабақтар өткізе алады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және кәсіби құзыреттерді бағалауға қатысады.
Өз кезегінде университет полиция қызметкерлерін магистратурада даярлауды дамытуға және жоғары технологиялар саласын қоса алғанда, біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынуға дайын. Сондай-ақ заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған жаңа цифрлық жобаларды іске асыруға мүмкіндік ашылады.
Бұл әріптестік екі маңызды міндетті біріктіреді: құқық қорғау жүйесі үшін білікті мамандар даярлау және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. Бұл – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға қосылған нақты үлес.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







