СҚО полицейлері зияткерлік ойынның жеңімпазы атанды

    1 / 3

    Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің құрамасы цифрландыру, жасанды интеллект және IT-технологияларға арналған зияткерлік ойында бірінші орын иеленді. Байқау М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Digital Week апталығы аясында өтті.

    Зияткерлік сайыста үш команда бақ сынады: ардагерлер, Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің студенттері және полиция қызметкерлері. Полиция құрамасының сапында Полиция департаментінің бірнеше бөлімшесінің өкілдері, атап айтқанда, цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы, криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесі мен департамент музейінің қызметкерлері өнер көрсетті.

    Тартысты сайыс нәтижесінде тәртіп сақшылары 45 мүмкін ұпайдан 40 ұпай жинап, IT-технологияларын меңгеріп жүрген жастардан бір ұпайға озып шықты. Ал аға буын өкілдері 31 балл жинады.

    Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект полиция қызметінде маңызды рөл атқара бастады. Оларды қолдану аясы да кеңейіп келеді. Атап айтқанда, ақпаратты талдау, киберқылмыстарға қарсы күрес, сондай-ақ күнделікті қызметке заманауи технологияларды енгізу бағыттары қамтылған. Олардың қатарында «ақылды» бейнебақылау камералары, «Цифрлық учаскелік инспектор» жобасы және виртуалды кеңістікте жасалатын киберқылмыстарды тергеу бар.

    Зияткерлік ойындағы жеңіс солтүстікқазақстандық полицейлердің жаңа технологияларды белсенді меңгеріп, цифрлық білімді қызмет барысында тиімді қолдануға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары