Қазақстан мен Ресей омбудсмендері алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

    1 / 2

    17 қарашада Мәскеуде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Яна Лантратованың жұмыс кездесуі өтті.

    Кездесу барысында тараптар екі елдегі адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, ұлттық құқық қорғау институттарының қызметін және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

    Екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша Артур Ластаев пен Яна Лантратова ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендерін растады және ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары