Елорда студенттеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл шаралары түсіндірілді

    1 / 3

    Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Ляззат Сабенова Еуразия гуманитарлық институтының (ЕАГИ) студенттеріне адам саудасына байланысты өзекті қауіп-қатерлер, азаматтарды мәжбүрлі еңбекке және өзге де заңсыз әрекеттерге тарту тетіктері және ондай қылмыстардан қорғану жолдары туралы дәріс өткізді.

    Кездесу барысында адам саудасының қазіргі заманғы түрлеріне, оның ішінде еңбек және сексуалдық қанауға, жұмысқа орналастыру туралы жалған ұсыныстар арқылы алдау тәсілдеріне, сондай-ақ азаматтарды интернет арқылы заңсыз әрекеттерге тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Студенттер 2024 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерімен және адам саудасынан зардап шеккендердің құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерімен танысты.

    Сонымен қатар, осы саладағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі жеке қарастырылды. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Омбудсмен Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамашының функцияларын жүзеге асырады.

    Мұндай кездесулерді өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адам саудасының алдын алуға және өз құқықтарын қорғау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары