20 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылы жүргізілген алдын ала барулардың қорытындылары бойынша Шоғырландырылған баяндаманың жобасы талқыланды.
Сонымен қатар, бару кезіндегі заңнама талаптарының сақталуы, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі мен ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесі – ҰАТ қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.
ҰАТ азаптаулардың және басқа да қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алу миссиясын жүзеге асырады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшаулау және бас бостандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге алдын ала баруларды жүзеге асырады.
Жыл сайын Үйлестіру кеңесі ҰАТ қатысушыларының жабық мекемелерде ұсталатын адамдардың жағдайларына қатысты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берген ұсынымдары негізінде Шоғырландырылған баяндама әзірлейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









